Академия басшысы А.Сайтбеков өткен оқу жылын қорытындылады. — Алматинская академия

Академия басшысы А.Сайтбеков өткен оқу жылын қорытындылады.

Алматинская академия Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Макана Есбулатова

Өткен оқу жылында ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академия ұжымы Мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті, аттестация нәтижесі бойынша Академия қызметі мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес деп танылды, —деді А. Сайтбеков.

Ол сондай —ақ, аккредиттеу нәтижелері бойынша Академия ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нысаны ретінде гранттық қаржыландыру аясында ғылыми зерттеулермен дербес айналысу құқығына ие болғанын атап өтті. Осы және басқа да көптеген жетістіктерде Академияның әрбір қызметкерінің  үлесі бар.

2022-2023 оқу жылында алда тұрған міндеттер мен академияны дамытудың перспективалық бағыттарын талқылай келе, Айдар Сайтбеков білім беру мекемесінің барлық қызметі Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған реформаларды жүзеге асыру бағытында атқарылатынын, бюрократизмнен арылу қағидаттарын бұлжытпай сақтай отырып, цифрлық форматқа толық көшуді қамтамасыз ету; заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау; ғылыми әлеуетті нығайту, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жауынгерлік әзірлігін дайындау жұмыстары бойынша баса айтты. Алдыға қойылған және іске асыратын зор міндеттерді атқару басты қағида болмақ.