«Полиция қызметін цифрландыру» — Алматинская академия

«Полиция қызметін цифрландыру»

Алматинская академия Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Макана Есбулатова

«Полиция қызметін цифрландыру» тақырыбында 12-14 қыркүйек аралығында Астанасы Бангладеш, Дакка қаласында полиция колледжінде өткен INTERPA халықаралық полиция академияларының қауымдастығы туралы 11-ші конференциясы өтуде. Аталған Халықаралық форумға орта басшы құрамды даярлау факультетінің бастығы (№2 Факультет) заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Болатбек Сербаев қатысуда.
Айта кетейік ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы 2011 жылдың шілдесінде құрылған халықаралық полиция академиялары қауымдастығының толық құқықтық құрылтайшы мүшесі болып табылады.
Бұл INTERPA — қарым-қатынас пен ынтымақтастық, практикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен алмасу, халықаралық құқықтық талаптарға сәйкес одан әрі жаңғырту үшін тиімді платформа. Аталған Қауымдастыққа Полиция қызметкерлерін даярлау бойынша әлемнің 63 елінен 80 орнын біріктіретіреді.